
Бұқаралық және балалар спортын дамыту – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің негізгі жұмыс бағының бірі.
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, биыл кәсіби спорт клубтарын ұстауға қаражатты қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қайта бағдарлау кәсіби спорт клубтарының бюджетін қысқартып, аталған қаржы бұқаралық спортты дамытуға жұмсалады. Жобаның мақсаты – халықты, ең алдымен балаларды дене шынықтырумен айналысуға тарту.
Қазір елімізде жергілікті бюджет, ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпкерлер қаржыландыратын 98 кәсіби спорт клубы бар. Осыны негізге ала отырып, кәсіби спорт клубтарының бюджетін екі есе қысқарту жөнінде шешім қабылданады. Бұл шамамен 22.2 млрд. теңгені бұқаралық спортқа бағыттауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні бюджет қаражатын қайта бағдарлау процесі жүзеге асырылуда және биыл Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдігі жоспарды орындады.