Әнуар Сәриев Паралимпиаданың финалына шықты

Әнуар Сәриев Паралимпиаданың финалына шықты

Бүгін «Ниппон Будокан» аренада 60 килоға дейінгі салмақтағы пара дзюдо бәсекелері өтіп жатыр. Жартылай финалдық сында қазақстандық Әнуар Сәриев венесуэлалық Маркус Бланконы таза жеңіп, финалға шықты.

Айта кетейік, Әнуар Паралимпиаданы ширек финалдан бастап, моңғолиялық балуанды жеңді. Ал венесуэлалық өзбекстандық және пәкістандық пара дзюдошыдан басым түскен.