
Бүгін 54 килоға дейінгі салмақта пара пауэрлифтингтің ерлер арасындағы финалы аяқталды. Отандасымыз Давид Дегтярев бұл бәсекеде топ жарып, ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтынды салды. Давидтің үздік көрсеткіші 172 килограмм.
Алғашқы мүмкіндігінде 170, сосын 172 мен174 килоны ырқына көндірді. Франциялық Аксель Боурлон күміс, грекиялық Димитриос Бакохристос қола жүлдеге ие болды.