Алина Солодухина үздік бестікті түйіндеді

Алина Солодухина үздік бестікті түйіндеді

Бүгін 45 килоға дейінгі салмақта пара пауэрлифтингтің әйелдер арасындағы финалы аяқталды. Бұл бағдарламада бақ сынаған отандасымыз Алина Солодухина үздік бестікті қорытындылады. Алғашында 80 келіні көтере алмағанымен, екінші мүмкіндігінде осы салмақты еңсерді. Ал үшінші рет 83 кило зілтемірді көтеріп сайысты бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, 107 киломен нигериялық Латифат Тиджани чемпиона атанса, қытайлық Цуй Чжэ күміс (102 кг), польшалық Юстина Коздрик (101) қола жүлде ие болды.