Зағип және көзі нашар көретін адамдар үшін кітапхана қорын толықтыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайлы

Зағип және көзі нашар көретін адамдар үшін кітапхана қорын толықтыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайлы

Мәдениет және спорт министрлігі зағип және көзі нашар көретін адамдар үшін кітапхана қорын толықтыру бойынша тыңғылықты жұмыс жүргізіп келеді.

Биыл Nur-Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 95-тармағын іске асыру аясында зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана үшін арнайы жабдықтар мен кітаптар сатып алу үшін Ұлттық қордан 44 мың 321 теңге бөлінді.

Оның ішінде 28 895,0 мың теңге Брайль қарпі бойынша отандық әдебиет кітаптарын мемлекеттік тілде шығару үшін арнайы жабдықтар сатып алуға, 2 400,0 мың теңге арнайы жабдықтарды бағдарламалық қамтамасыз етуге, 13 мың 026,0 теңге кітапхана қорын сатып алуға бағытталған.

Қазір арнайы жабдықтарды сатып алуға конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жыл соңына дейін зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін республикалық кітапхананың кітап қоры толықтырылып, жабдықтар сатып алынады.