«Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша жұмыс жалғасып жатыр

«Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша жұмыс жалғасып жатыр

Қазір Мәдениет және спорт министрлігі Nur-Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 107-тармағын іске асыру аясында Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикасымен бірлесіп «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша досье дайындап жатыр.

Бұл трансұлттық номинацияда еліміздің аумағына Сауран, Жеті Асар (Алтын Асар), Жанкент, Сығанақ, Отырар, Күлтөбе-Яссы (Түркістан) нысаны кіреді.

2025 жылы бұл нысандарды ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарлануда. Дүниежүзілік мұраны қорғау туралы конвенцияның талаптарына сәйкес болу үшін осы объектілер бойынша менеджмент-жоспарлар, оларды қорғау аймақтарының жобалары, номинациялық құжаттамалардың мәтіндері әзірленеді. Бұл жұмыстың барлығына 14 млн. теңге бөлінген.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі осы бірлескен трансұлттық номинациялық құжаттаманы ілгерілету жөнінде Хатшылық қызмет атқарады.