
Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін әйелдер күресінде 57 кило салмақта Нилуфар Раимова чемпион атанды. Қазақ спортшысы ақтық сында италиялық Аурора Руссоны 8:6 есебімен ұтып, өз салмағында үздік шықты.
Айта кетейік, Нилуфар жартылай финалда түркиялық Эльвира Камалоглуды 4:2 есебімен, ширек финалда Беларусь аруы Мария Билиданы таза жеңді. Ал іріктеу кезеңінде тартысты белдесуде ресейлік Анастасия Козлованы (6:5) тізе бүктірді.
Жастар арасындағы бәсеке 16-22 тамыз аралығында өтеді.