Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет  және спорт министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті ғылымды дамытудың келесі басым бағыты бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетінін хабарлайды:Конкурстық құжат

Конкурстық құжаттама жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және өтінімдерді дайындау бойынша кеңес беретін жауапты тұлға – С.Ж. Сұлтанова, телефон номері:
8 (7172) 74-04-95.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе курьерлік почта (хабарландырумен) арқылы келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 15 кіреберіс, 531 кабинет, ҚР МСМ Мәдениет комитеті. Телефон 8 (7172) 74-04-34; 74-04-25; 74-04-95. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдер  2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін қабылданады.