
Baqytty bala-2021 ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы «Димаш-Әли» шығармашылық орталығының бастамасымен, Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Хабар» телеарнасы және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен осы жылдың 7-11 тамызы аралығында Ақтөбе қаласындағы «Өнер орталығы» концерт залында өткізіліп жатыр.
Фестиваль-байқаудың іріктеу кезеңіне 180-ге жуық өтініш түскен. Ақтық мәреде Греция, Болгария, Польша, Украина Әзірбайжан, Ресей Федерациясының Москва, Екатеринбург және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе қалаларынан 20-ға жуық жас өнерпаз өнерлерін көрсетеді.
Іріктеу кезеңіне 180 өтініш қабылданды. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Польша, Испания, Румыния, Греция, Ливан, Беларусь, Әзірбайжан, Болгария мемлекеттерінен және еліміздің барлық қалаларынан сайысқа қатысушы үміткерлердің өтініштері қабылданды. Қашықтан тыңдау нәтижесі бойынша 20 жеткіншек ақтық мәреге жолдама алды.
Байқау ережесіне сәйкес, сайыс 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде ұйымдастыру комитеті аудио, видео материалдар арқылы қашықтықтан тыңдау арқылы үздік орындаушыларды іріктеді. Финалға өткен қатысушылар екі шығарма-өз ана тілінде (немесе авторлық ән) және әлемдік хит орындайды. Қазылар алқасының шешімі гала- концертте жарияланады. Байқау бағдарламасы бойынша гала-концерт 11 тамызда сағ.18.00-де «Өнер орталығы» концерт залында («Ashyq» қосымшасы арқылы) өтеді.
Байқаудың қорытынды гала-концертінде Димаш Құдайберген, «Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің жеңімпазы Рухия Байдүкенова, (Нұр-Сұлтан қ.), Junior Eurovision 2020 халықаралық ән байқауының жүлделі орын иегері Қарақат Башанова (Нұр-Сұлтан қ.), Baqytty bala-2019 ІІ ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының бас жүлде иегері Әйгерім Тілеубек (Нұр-Сұлтан қ.), Bakytty bala-2018 ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының Бас жүлде иегерлері Ержан Максим (Нұр-Сұлтан қ.) және Нарқыз Жанұзақова (Ақтөбе қ.) өнер көрсетеді.