
61 килодан жоғары салмақтың жартылай финалында Софья Берульцева тартысты жекпе-жекте мысырлық Ферьял Абделазизге есе жіберіп, қола жүлдегер атанды. Есеп 4:5.
Айта кетейік, Софья А тобында өнер көрсетіп, екі қарсыласын жеңді. Одан бөлек, бір рет тең түсіп, тағы бір жекпе-жекте қарсыласына жол берді.