Дәулет Ниязбеков Олимпиаданы бесінші орында аяқтады

Дәулет Ниязбеков Олимпиаданы бесінші орында аяқтады

Бүгін еркін күрестен 65 килоға дейінгі салмақтағы жүлдегерлер анықталды. Дәулет Ниязбеков жұбаныш белдесуінде үндістандық Банджранг Пуниядан жеңіліп, Олимпиаданы бесінші орында аяқтады.

Айта кетейік, кеше отандасымызды ширек финалда жарыс жолынан шығарған Гаджи Алиев үндістандық балуанды ұтып, ақтық сынға өткен. Бұл өз кезегінде Дәулетке жұбаныш белдесуіне шығуға мүмкіндік берді.

Сәл ертеректе қазақстандық палуан сенегалдық Адама Диаттаны таза ұтқан еді.