
Софья Берульцева А тобында тартасты өткен үшінші жекпе-жекте әзірбайжандық Ирина Зарецкаяны 5:4 есебімен жеңді.
Жекпе-жек басынан отандасымыз белсенді болып екі ұпай алған, алайда қарсыласы таразы басын теңестіріп кетті. Кездесу соңына қарай Софья бірнеше сәтті шабуыл жасап, ұпай санан арттырып алды.
Енді 20 жастағы каратэшіміз жапониялық Уэкуса Аюмимен татамиде кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, отандасымыз осыған дейін италиялық Сильвия Семерароны сенімді жеңіп, түркиялық Мельтем Ходжаоглумен (5:5) тең түсті.