
Бүгін еркін күрестен Токио бозкілеміне шыққан Валентина Исламова алғашқы белдесуінде эквадорлық Лусия Ямилет Йепес Гусманге 6:9 есебімен жол берді.
50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Валентина үшін Олимпиада аяқталды. Лусия Ямилет ширек финалда жапониялық балуанға жеңіліп қалғандықтан жұбаныш кездесуіне шыға алмайды.