
Нұрқанат Әжіқанов В тобындағы соңғы жекпе-жегінде әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен татамиде күш сынасып, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, қазақстандық атлет топтағы бірінші жекпе-жегінде австралиялық Цунэари Яхиродан басым түссе, екіншісінде германиялық Ноа Битчке жол берді. Үшінші кездесуінде италиялық Луиджи Бусаны жеңді.