Каратэші Нұрқанат Әжіқанов италиялық қарсыласын ұтты

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов италиялық қарсыласын ұтты

Кумите бағдарламасында В тобында өнер көрсетіп жатқан Нұрқанат Әжіқанов үшінші жекпе-жегінде италиялық Луиджи Бусадан басым түсті. Есеп 2:0.

Енді топтағы соңғы жекпе-жегінде әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен татамиде күш сынасады.

Осыған дейін қазақстандық каратэші германиялық спортшыдан ұтылып, австралиялық Цунэари Яхиродан басым түскен еді.