
Каратэнің кумите бағдарламасында В тобында өнер көрсетіп жатқан Нұрқанат Әжіқанов екінші кездесуінде германиялық Ноа Битчке жол берді. Екі татами шебері 3:3 есебімен тең түскен. Алайда соңғы ұпайды германиялық спортшы алып, жеңіске жетті.
Айта кетейік Нұрқанат алғашқы жекпе-жегінде австралиялық Цунэари Яхироны 6:3 есебімен ұтқан. Үшінші жекпе-жегінде италиялық Луиджи Бусамен кім мықтыны анықтайды.