Дәулет Ниязбеков ширек финалда сүрінді

Дәулет Ниязбеков ширек финалда сүрінді

Бүгін еркін күрестен 67 килоға дейінгі салмақта бозкілемге шыққан Дәулет Ниязбеков ширек финалда үш дүркін әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевтен 1:9 есебімен ұтылып қалды.

Осыған дейін Дәулет алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдесті 21:11 есебімен жеңіп кеткен еді.

Енді Нажи Алиев финалға шықса, отандасымыз жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.