Ботағай - археологиялық – сәулет ескерткішіндегі археологиялық қазба жұмыстары қорытындыланады

Ботағай - археологиялық – сәулет ескерткішіндегі археологиялық қазба жұмыстары қорытындыланады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2021 жылғы 7 тамызда  Ботағай - археологиялық – сәулет ескерткішіндегі археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысын жасайды.  

Белгілі археолог Марат Семби және Ә.Марғұлан атындағы археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Серғазы Сәкенов бастаған «Бозоқ» музей-қорығының бір топ ғылыми қызметкері археологиялық-сәулет ескерткіші – Ботағай қалашығын зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Дала жұмыстарына Қорғалжын ауылының жастары тартылған.

Ботағай кесенесі Ақмола облысы Қорғалжын ауылынан шығысқа қарай 1 км жерде, Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен қаланған 10,67×8,53 м күмбезі бар төртбұрышты құрылыс. Кесененің айналасында шеберханалардың іздері, кірпіш күйдіру пешінің қалдықтары бар.

Алғаш рет бұл қаланың атауы 1694 жылы Ресей картасына енгізілген. Оны Тәуке ханға келген Ресей елшілері Ф.Скибин мен М. Трошин салған. Ол «Қазақ ордасы» деп аталатын 20 парақтан тұрды. Онда Қорғалжын көлі мен Хан ордасы арасында Нұра жағасында Бытығай деген қала бар екендігі айтылған. Онда адамдар болмаған. Мұнда Ұлы Жібек жолымен жүретін көптеген керуен жолдары біріктірілді.

Кесенені 1949 және 1974 жылдары Әлкей Марғұланның басшылығымен Қазақ КСР Ғылым академиясының Орта Азия археологиялық экспедициясы, 2006 жылы «Қазреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы жинақтау бөлімі де зерттеген.

Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бар, олар Дала өркениетінің, Нұра –Есіл өңіріндегі қалалық мәдениеттің дамуындағы тарихтың жаңа беттерін ашатыны сөзсіз.

2021 жылдың 7 тамызында іздестіру жұмыстары аяқталады.

Нысан елордадан 100 шақырым жерде орналасқан.

Іс шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ғалымдар, археолгтар мен этнологтар, қоғам өкілдері қатысады. Көлік қатынасы қарастырылған.

Өтетін орны: Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан Ботагай археологиялық ескерткішінің аумағы.

Басталуы: сағат 10.00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:

+ 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru