
Каратэші Дархан Асаділов кумите бағдарламасында жартылай финалға шықты. Отандасымыз финалға шығу үшін Әлем чемпионы (2018) франциялық Стивен Да Костамен шеберлік байқасады.
67 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде жарысты А тобында бастаған Дархан барлық қарсыласын сенімді ұтты. Қазақстандық каратэші алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Шамданды, осыдан кейін әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті, жапониялық Наото Сагоны, мысырлық Әли Эльсавиді тізе бүктірген болатын.
Дарханмен бірге А тобынан Эрай Шамдан да шықты.