
Бүгін Рёгоку Кокугикан спорт сарайында бокстан 52 килода ақтық сынға жолдама алған былғары қолғап шеберлері анықталды.
Сәкен Бибосынов ағылшын Галаль Яфаймен шаршы алаңға шығып, тартысты жекпе-жекте қарсыласына жол берді.
Алтын мадаль үшін филиппиндік Карло Паалам мен Галаль Яфай күш сынасады.
Айта кетейік, Сәкен жартылай финалда испаниялық Габриэль Эскобар-Маскунаноны (3:2), 1/8 кезеңде Әлем чемпионатының қола жүлдегері франциялық Билал Беннамды (5:0) жеңсе, 1/16 кезеңде пуэрто-риколық Янкьель Ривера Фигероаны (4:1) тізе бүктірген болатын.
Анықтама:
Сәкен Бибосынов 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ал 28 жастағы ағылшын боксшысы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының күміс, Еуропа ойындарының қола жүлдегері.