
74 кило салмақтың ширек финалында Данияр Қайсанов мысырлық Амр Реда Хуссейнді 8:5 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Ақтық сынға жолдама алу үшін отандасымыз Ресей Олимпиада комитетінің өкілі Зауырбек Сидаковпен күш сынасады. Осыған дейін Данияр алғашқы белдесуінде жапониялық Кэисукэ Отогуроны тізе бүктірген еді.
Айта кетейік, Данияр Қайсанов екі дүркін Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері.