Биіктікке секірушілер финалға шыға алмады

Биіктікке секірушілер финалға шыға алмады

Бүгін Токиодағы Жапония ұлттық стадионында биіктікке секіруден іріктеу кезеңі өтті. Еліміздің атынан жарыс жолына шыққан Кристина Овчинникова мен Надежда Дубовицкая екі топта өнер көрсетті.

А тобындағы Кристина мен В тобында бақ сынаған Надежданың ең үздік көрсеткіші 1 метр, 86 сантиметр болды. Екі атлет те бұл көрсеткішті үшінші мүмкіндігінде еңсерді. Өкінішке қарай, үшінші меже 1,90 сантиметрді отандастарымыз бағындыра алмады.

Іріктеу қорытындысы бойынша финалға 1,95 сантиметрді сәтті бағындырған немесе үздік нәтиже көрсеткен 12 спортшы шығады.

Жалпы есепте Кристина А тобын 15-ші, Надежда В тобын 14-ші орында аяқтап, жүлде үшін таласа алмайтын болды.