
Бүгін Токиодағы су спорты түрлері орталығында ашық аспан астында суда жүзуден 10 километрлік марафонның финалы өтті. Бұл бағдарламада соңғы сәтте жолдамаға ие болған отандасымыз Виталий Худяков аталған қашықтықты бір сағат, 57 минут, 53.7 секундта бағындырып, жалпы есепте 26 атлеттің арасында 21-орын алды.
Германиялық Флориан Велльброк (1:48:33.7) мәре сызығын бірінші болып қиып, чемпион атанса, мажарстандық Криштоф Рашовски (1:48:59.0) күміс, италиялық Грегорио Пальтриньери (1:49:01.1) қола жүлдеге ие болды.