Дархан Асаділов Олимпиаданы жеңіспен бастады

Дархан Асаділов Олимпиаданы жеңіспен бастады

Каратэнің кумите бағдарламасында 67 килоға дейінгі салмақта бәсекені бастаған Дархан Асаділов алғашқы жекпе-жегінде түркиялық Эрай Шамданды ұпай санымен жеңді. Қорытынды есеп 6:2.

Дархан А тобындағы екінші бәсекеде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен татамиге шығады.

Айта кетейік, Дархан - Қазақстан делегациясы қатарында Токио Олимпиаданың алғашқы жолдамасын иеленген спортшы.