Еркін күрестен әйелдер арасында 53 килоға дейінгі салмақта отандасымыз Татьяна Аманжол алғашқы белдесуінде польшалық Роксана Засинаға жол беріп, жарысты аяқтады.
Бірінші кезеңде польшалық балуан белсенді қимылдап, басымдық танытты. Екінші кезеңде Татьяна таразы басын теңестірген еді. Алайда Роксана жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, Татьяна Аманжол 4 дүркін Азия чемпионы. Бейжің Олимпиадасында бесінші орын алған. Ал Роксана Засина биыл Варшавада өткен Еуропа чемпионатының күміс, 2017 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.