Бүгін еркін күрестен 125 килоға дейінгі салмақта отандасымыз Юсуп Батырмурзаев алғашқы белдесуінде германиялық Геннадий Чудиновичке күтпеген жерден жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.
Юсуп белдесу басталысымен ширақ қимылдап бірнеше әдіс жасаған. Алайда күтпеген жерден германиялық балуан отандасымыздың жауырынын жерге тигізіп, жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, Юсуп былтыр Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында топ жарған.