
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы жобалық кеңсе (бұдан әрі-ЖК) 2021 жылғы 31 мамырда ҚР МСМ министрі А. Р. Райымқұлова бұйрыққа қол қойған сәттен бастап құрылды.
Жол картасы Nur Otan партиясының «Жол картасы» өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында жұмыс істейді.
Жол картасының 39-тармағы: барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және «балалар үйірмелерін» қайта жандандыру.
Осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп, балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс механизмі енгізілді. Сондай-ақ, жан басына қаржыландыру әдістемесі мен қағидалары, мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты орналастыру қағидалары, шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидалары әзірленіп, қабылданды.
Бағдарлама 2021 жылдың 1 мамырында іске қосылды, бұл 82 241 бала мен 4-17 жас аралығындағы жасөспірімге тегін негізде спорт үйірмелеріне (оның ішінде үйірмелерге – 30 172 бала, спорт секцияларына – 52 069 бала) қосымша баруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Балалар үйірмелері мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыруды іске қосу процесін автоматтандыру мақсатында Artsport.edu.kz. ақпараттық жүйесі әзірленді. Оған республиканың барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары қосылып, барлық өңірлердің өкілдері үшін ақпараттық жүйеде жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізілген.
2021 жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша жүйеде 500-ден астам қызмет көрсетуші мен 8 мың пайдаланушы тіркелген, олардың 4 мыңға жуығы балалар. Жан басына қаржыландыру бағдарламалары 4-тен 17 жасқа дейінгі 4 млн балалар мен жасөспірімдерді спорт секцияларымен қамтуға көмектеседі. Жол картасы өскелең ұрпаққа қолайлы жағдай жасау үшін, спортпен айналысатын балаларды көбірек қамту үшін басқа да бағдарламалар әзірлеуді жоспарлап отыр.
Nur Otan партиясының «Жол картасы» Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының басқа да тармақтарын кезекпен жариялайтын боламыз.