
Бүгін Дене шынықтыру және спорт жөніндегі жобалық кеңсе өкілдері Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов пен Алматы қаласы спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы, сондай-ақ Алматы қаласының жобалық кеңсесі бойынша жауапты Әлия Смақовамен кездесті.
Nur Otan жол картасы жобалары мен «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша алдағы жұмыс жоспарын талқылады, барлық пункттерді жүзеге асыру және елдегі спорттық қозғалысты дамыту позициясын нығайту үшін тығыз ынтымақтастық туралы келісті.