Нұрислам Санаев жұбаныш белдесуінде қола жүлдеге таласады

Нұрислам Санаев жұбаныш белдесуінде қола жүлдеге таласады

Еліміздің атынан бозкілемге шыққан 57 килоға дейінгі салмақтағы Нұрислам Санаев жартылай финалда үндістандық Рави Кумар Дахияға қтылып қалды.

Айта кетейік, Нұрислам ширек финалда жапониялық Юки Такахасиді, бірінші белдесуінде Гвинея және Бисау елінің палуаны Диамантину Иуна Фафені 7:0 есебімен жеңген еді.

Біздің анықтама:

Нұрислам 2018 жылы Будапеште өткен Әлем чемпионатының күміс, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен қатар 2018 жылғы Азия чемпионы.