Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты

Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты

Еліміздің атынан бозкілемге шыққан 57 килоға дейінгі салмақтағы Нұрислам Санаев ширек финалда жапониялық Юки Такахасиден тартысты белдеуде басым түсті. Қорытынды есеп 4:4.

Айта кетейік, Нұрислам бірінші белдесуінде Гвинея және Бисау елінің палуаны Диамантину Иуна Фафені 7:0 есебімен жеңген еді.

Отандасымыздың жартылай финалдағы қарсыласы - үндістандық Рави Кумар Дахия.

Біздің анықтама:

Нұрислам 2018 жылы Будапеште өткен Әлем чемпионатының күміс, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен қатар 2018 жылғы Азия чемпионы.