
Бүгін олимпия ойындарында еркін күрес шеберлерінің бәсекесі басталды.
Еліміздің атынан бозкілемге алғаш болып шыққан 57 килоға дейінгі салмақтағы Нұрислам Санаев бірінші белдесуінде Гвинея және Бисау елінің палуаны Диамантину Иуна Фафені 7:0 есебімен жеңді.
Отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.
Айта кетейік, Нұрислам 2018 жылы Будапеште өткен Әлем чемпионатының күміс, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен қатар 2018 жылғы Азия чемпионы.
Ал Диамантину Иуна Фафе былтыр Алжирде өткен Африка чемпионатының финалында жеңілген.