2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтихандары күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 26 шілдесі аралығында: 02150100 – Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша); 02150300 – Вокалдық өнер; 02150500 – Актерлік өнер; 02150600 – Цирк өнері; 02150700 – Хореографиялық өнер мамандықтары бойынша, COVID-19 таралуына жол бермейтін барлық алдын алу шараларын сақтай отырып, дәстүрлі форматта колледжде өткізілді.
Қабылдау емтихандары бақылаушылар тарапынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобасы төрағасы Марат Камзолдаев, Алматы қаласы, Медеу ауданы «Адалдық алаңы» жобасы мүшесі Бахнур Зиябеков, жергілікті «Руханият» кәсіподағы қоғамдық бірлестігі басшысы Исламбек Омаров, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі «Адалдық алаңы» жетекшісі Ералхан Абишев қатысуымен болды.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері «2», «3», «4», «5» бағалармен бағаланды. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланды. Шығармашылық емтихандар бойынша «2» деген баға алған, немесе емтиханға ешқандай дәлелді себепсіз келмеген талапкерлер қалған емтихандарға жіберілмеді.
Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіне қабылдау конкурсында міндетті пәннің бағасы (жалпы білім беру пәндері) «Қазақстан тарихы» пәні, «Қазақ тілі» пәні және «Орыс тілі» пәнінің бағалары талапкерлердің орта білім туралы аттестат қосымшасынан алынды.
Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылды.
Талапкерлер тарапынан апелляциялық өтінімдер болмады.
Қабылдау емтихандар барысында санитарлық талаптар мен әлеуметтік арақашықтық сақталынды.
Комиссия мүшелерінен, талапкерлер тарапынан түсініспеушілік пен оқыс жағдайлар орын алған жоқ.
Қабылдау емтихандар барысында аудио-бейнежазба жүргізілді.
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығының 2 тарау 57 тармақшасына сәйкес конкурс бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау 2021 жылдың 29 шілде мен 2 тамызы аралығында ақпараттық стенділерге немесе Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледждің интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.