Сарайшықта қазба жұмыстары басталды

Сарайшықта қазба жұмыстары басталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Сарайшық музей-қорығының 2021-2023 жылдарға арналған «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» жобасын  жүзеге асыру мақсатында  ортағасырлық Сарайшық орнында археологиялық қазба жұмыстары басталды.

Жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор У.Т. Ахметова. Қазбаға музей-қорық археологтары, суретші-реставратор қатысып жатыр. Алдағы уақытта жобадағы шетелдік әріптестер де шақырылады. Мақсат - ортағасырлық қаланың Ұлы Жібек жолындағы атқарған ролін жаңа деректермен толықтыру.