Александра мен Екатерина Немич жалпы есепте 16-шы орын алды

Александра мен Екатерина Немич жалпы есепте 16-шы орын алды

Отандастарымыздың техникалық жаттығудағы өнеріне қазылар алқасы 83,23 ұпай берді. Ал алғашқы еркін бағдарламада Александра мен Екатерина 83,86 ұпаймен 17-орын алған болатын. Жалпы екі бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық дуэт 16 сатыға табан тіреді.

Біздің анықтама:
Александра мен Екатерина Немич Азия ойындарының үш дүркін қола жүлдегері. Сонымен қатар 2017 жылғы Әлем чемпионатында үшінші орын алған.