Ришат Хайбуллин сегіздікке енбеді

Ришат Хайбуллин сегіздікке енбеді

Бүгін құзға өрмелеудің комбинациялық бағдарламасында жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. Бұл санатта альпинистер «жылдамдық», «боулдеринг», «қиындық» жаттығуы бойынша құзға өрмелейді.
Жылдамдық жаттығуының іріктеу кезеңінде отандасымыз Ришат Хайбуллин құздың басына 6.19 секундта көтеріліп, төртінші орын алды. Франциялық Басса Мавем олимпиада рекордын тіркеп (5.45 секунд) бірінші орында тұр.
Боулдеринг жаттығуында іріктеу кезеңінде отандасымыз Ришат Хайбуллин 68.00 ұпай жинап, 8-сатыға жайғасты. 

Ришат үшінші кезең (қиындықта) 13 ұпай жинады. Жалпы есепте 884 ұпаймен 11-орын алды. 

Айта кетейік, ақтық кезеңге жалпы үш бағдарлама (жылдамдық, боулдеринг пен қиындық) қорытындысында жақсы нәтиже көрсеткен 8 альпинист шығады. Жалпы бұл сынға 20 спортшы қатысты.