
63 килода ел намысын қорғап жатқан Зәкір Сафиуллин австралиялық Гарри Гарсайдпен күш сынасып, тартысты жекпе-жекте 2:3 есебімен ұтылып қалды.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер австралиялықты бір бас жоғары болды деп бағалады.
Айта кетейік, Закир Сафиуллиннің 1/8 кезеңде жапониялық Дайсуке Нариматсумен жұдырықтасуы керек болған. Алайда қарсыласы ауырып қалуына байланысты рингке шыққан жоқ.
Ал оның алдында қазақстандық боксшы перулік Леодан Песо Сабойяны сенімді жеңген еді.