Ағайынды Емельяновтар В тобының финалында өнер көрсетті

Ағайынды Емельяновтар В тобының финалында өнер көрсетті

Токиодағы Олимпиадада ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэда ескек есуден жарыстар өтіп жатыр.

Бүгін ерлер арасында 1000 метр қашықтықта B тобындағы финал жарысы аяқталды. Ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар жарыс қорытындысы бойынша 3:32.873 нәтиже көрсетіп, төртінші орынға жайғасты. Қазақстандық Емельяновтар қорытынды хаттамада 12 орында тұр.