Александра мен Екатерина Немичтер еркін бағдарламадағы жаттығуын аяқтады

Александра мен Екатерина Немичтер еркін бағдарламадағы жаттығуын аяқтады

Бүгін Токиодағы су спорты түрлері орталығында әртістік жүзуден жұптар еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Қазақстандық дуэт Александра мен Екатерина Немич 83,8667 ұпай жинап, 17 орын алды.

Жалпы бүгінгі сынға 22 мемлекеттің өкілі қатысты. Енді ертең бұл жұптар техникалық бағдарламада өз өнерлерін көрсетеді.

Айта кетейік, Александра мен Екатерина Немич Азия ойындарының үш дүркін қола жүлдегері. Сонымен қатар 2017 жылғы Әлем чемпионатында үшінші орын алған.