Ағайынды Емельяновтар ширек финалға шықты

Ағайынды Емельяновтар ширек финалға шықты

Бүгін Токиода каноэ мен байдаркада ескек есуден іріктеу кезеңі басталды.

Каноэде 1 000 метрге ескек есуден іріктеу кезеңінде Сергей және Тимофей Емельяновтар бақ сынап, 3:49.079 уақыт көрсеткішімен төртінші орын алды.  

Енді қазақстандық спортшылар бір сағаттан кейін басталатын ширек финалға қатысады.