Наталья Сергеева ширек финалға жолдама алды

Наталья Сергеева ширек финалға жолдама алды

Бүгін Токиода байдарка мен каноэде ескек есу бәсекесі басталды.

Әйелдер арасында 200 метр қашықтықта байдаркада ескек есуде жарыс жолына шыққан қазақстандық Наталья Сергеева алтыншы орын алды. Оның нәтижесі 46,657 секунд.

Осылайша, Наталья Сергеева ширек финалға шықты.