Бүгін спорттық гимнастикадан жекелеген снарядтың ақтық кезеңінде Милад Карими 14,133 ұпай жинап, бесінші сатыға жайғасты.
Израильдік Артем Долгопять Олимпиада чемпионы атанса, испаниялық Рэйдерлей Запата күміс, қытайлық Сяо Рутенг қола жүлде иеленді.
Айта кетейік, Милад Карими – еркін жаттығу бойынша Олимпиадада үздік бестікке енген бірінші қазақстандық гимнаст. Ертеректе Милад көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орын алған еді. Енді Карими гимнастикалық керме бойынша Олимпиада жүлдесіне таласады.