
Аса ауыр салмақта (+91кг) ел намысын қорғайтын Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда Ресей Олимпиада комитетінің өкілі Иван Верясовпен кездесіп, таза ұтты. Қорытынды есеп 4:1.
Енді бокстан Қазақстан құрамасының капитаны жартылай финалда америкалық боксшы Ричард Торреспен кездеседі.
Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев 1/8-ші кезеңде мысырлық Юсри Хафезді сенімді ұтқан. Ресейлік Иван Верясов өз елінің екі дүркін чемпионы.