
75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Әбілхан Аманқұл бразилиялық Эберт да Консейсан Соузадан жеңіліп, жартылай финалға өте алмады.
Отандасымыз осыған дейін 1/8 кезеңде өзбекстандық Фанат Кахрамоновты сенімді ұтқан еді.
Айта кетейік, Әбілхан 2017 жылғы Әлем чемпионатында күміс, Азия чемпионатында қола медаль алған. Ал 23 жастағы бразилиялық 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола, дәл сол жылы Перу астанасы Лимада өткен Панамерика ойындарының күміс жүлдегері.