Токио Олимпиадасының тоғызыншы күніне шолу

Токио Олимпиадасының тоғызыншы күніне шолу

31 шілде. Бүгін қазақстандық спортшылар теннис, садақ ату, бокс, су добынан әлем атлеттерімен күш сынасты. Нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.

Садақ ату

Ерлер арасында жекелей сынның 1/8 кезеңінде Ильфат Абдуллин қытайлық Ли Джуа Лунмен шеберлік байқасып, жеңіліп қалды. Тартысты кездесу негізгі сетте тең (5:5) аяқталды. Жеңімпазды анықтау мақсатында берілген мүмкіндікте қытайлық 10, Ильфат 8 ұпай жинады. Айта кетейік, Ильфат Абдуллин – бұл спорт түрінен Олимпиадаларда ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген қазақстандық.

Теннис 

Қола жүлде үшін болған ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина украиналық Элина Свитолинадан жеңіліп қалды. Үш сетке созылған кездесудің нәтижесі 6:1, 6:7, 4:6. Айта кетейік, Елена теннистен Олимпиадада ең жоғары нәтижеге тіркеген қазақстандық.  

Бокс

Рингке шыққан қос боксшымыз да ширек финалға өтті. Зәкір Сафиуллин жапониялық қарсыласы Дайсуке Нариматсу ауырып қалуына байланысты жекпе-жекке шықпағандықтан келесі айналымға жолдама алды. Ал 52 келідегі Сәкен Бибосынов франциялық Билал Беннамды сенімді (5:0) ұтты.

Су добы

Қазақстан құрамасы төртінші ойында Қаратаудан 19:12 есебімен ұтылды. Өкінішке қарай, осыған дейін Хорватия (7:23), Сербия (5:19) және Испания (16:4) командасына жол берген еді.

Қазақстан 31 шілдедегі нәтиже бойынша жалпыкомандалық есепте 3 қола медальмен 66-орында келе жатыр.