
Теннистен әйелдер арасындағы жекелей сынның қола жүлде үшін болған ойынында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина украиналық Элина Свитолинадан жеңіліп қалды.
Үш сетке созылған кездесудің нәтижесі 6:1, 6:7, 4:6.
Елена алғашқы сетте қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Ал екінші сет тартысты өтіп тай-брейкке дейін жетті. Теннис лотереясында украиналық спортшы таразы басын теңестірді. Шешуші сетте Елена жеңіп келе жатқанымен қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, Елена жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичтен жеңіліп қалған. Ал ширек финалда испаниялық Гарбинье Мугуруса Бланкодан екі сетте (7:5, 6:1) басым түскен. Сонымен қатар үшінші айналымда хорватиялық Донна Векичті (7:6 (7:3), 6:4), екінші айналымда швециялық Ребекка Петерсонды (6:2,6:3), алғашқы кезеңде австралиялық Саманта Стосурды екі сетте (6:4,6:2) ұтып, жарыс жолынан шығарған.