
Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллиннің 1/8 кезеңдегі қарсыласы жапониялық Дайсуке Нариматсу аурып қалуына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Осылайша 63 килоға дейінгі салмақтағы боксшымыз Олимпиаданың 1/4 финалында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Зəкір Сафиуллин Олимпиаданы сәтті бастап, перулік Леодан Песо Сабойяны сенімді жеңген еді. Бұл жекпе-жекте біздің былғары қолғап шеберіміз төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен басым түскен.
Негізі Зəкір Сафиуллин мен Дайсуке Наримацу арасындағы жекпе-жек бүгін 15:36-да өтуі керек еді.