
30 шілде. Бүгін жеңіл атлетика мен академиялық есуден қазақстандық атлеттер өнер көрсетті.
Академиялық есу
Ерлер арасында D финалында Владислав Яковлев сынға түсіп, 7:03.37 уақыт көрсеткішімен жалпы есепте 19-шы орынға жайғасты. Айта кетейік, D тобындағы спортшылар 19-24-ші орындарды сарапқа салды.
Жеңіл атлетика
Бүгін отандастарымыз үш қарғып секіруші Ольга Рыпаковадан үміт күткен. Алайда В тобында бақ сынаған спортшымыз финалдық кезеңге өте алған жоқ. Нәтижесі – 13,69 метр (12-орын).
Ал А тобында болған Мария Овчинникова 13,34 метрге секіріп, 13-ші, жалпы есепте 26-шы орынға тұрақтады. Ирина Эктованың үздік нәтижесі 12,95 метр (15-орын). Ирина жалпы есепте 31-ші сатыда қалды.
Айта кетейік, жарысқа қатысушыларға үш мүмкіндік беріледі. Финалдық сынға 14,40 метрді еңсерген 12 спортшы жолдама алады.