
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жұмысымен танысу мақсатында кітапханаға келді. Кітапхананы аралау барысында мекеме басшысы Үмітхан Мұңалбаева, мекеме қызметкерлері, сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Ерқожа Тілепбердиев пен «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел қасында болды.
Кітапхана басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы атқарылған, атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, кітапхана залдарын түгелдей көрсетіп, жұмыс барысымен таныстырды. Алда атқарылатын жұмыстарды айта келіп, кітапхананың заманауи техникамен қамтылғанын, әлі де болса жетіспей жатқан жақтарына тоқталды, «электронды кітапхананың» тезірек жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетуді кеңейту, жеделдету үшін бұл жұмыс істеп тұрған сервердің әлсіз, ауқымы, қуаты аз екенін, тағы да қосымша серверге қаржы керек екенін жеткізді. Комитет басшысы бар сервердің қуаты мен мүмкіндігін бағамдайтын, жаңа сервердің қандай қуатта болуы шарт екенін толықтай қағазға түсіріп, Комитетке хат жазуларын тапсырды.
Сұхбат кезінде Ахан Жылқышыбайұлына Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Ерқожа Тілепбердиев пен «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында атқарылып жатқан іс- шараларды баяндады.