Жеңіл атлеттер финалға өте алмады

Жеңіл атлеттер финалға өте алмады

Бүгін Токиода жеңіл атлетика бәсекелері басталды. Жарыс жолына алғаш болып үш қарғып секірушілер шықты.

В тобында бақ сынаған Ольга Рыпакованың үздік нәтижесі – 13,69 метр (12-орын). Ал А тобында болған Мария Овчинникова 13,34 метрге секіріп, 13-ші, жалпы есепте 26-шы орынға тұрақтады. Ирина Эктованың үздік нәтижесі 12,95 метр (15-орын). Ирина жалпы есепте 31-ші сатыда қалды.  

Айта кетейік, жарысқа қатысушыларға үш мүмкіндік беріледі. Финалдық сынға 14,40 метрді еңсерген 12 спортшы жолдама алады.

Естеріңізге сала кетейік, Ольга Рыпакова бұл жаттығуда Лондон Олимпиадасының чемпионы, Бейжің Олимпиадасының күміс, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.