Министр Әлібек Дінішевті құттықтады

Министр Әлібек Дінішевті құттықтады

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал опера әншісі Əлібек Дінішевті 70 жасқа толуымен жəне «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтады.

«Құрметті Әлібек Мұсаұлы!

Сізді мерейлі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз еңбекқор, шынайы, ғибратты өнер қайраткері ретінде көпшіліктің ыстық ықыласы мен ерекше құрметіне бөленіп келесіз. Ұзақ жылдар бойы іргелі мəдениет ошақтарында жемісті қызмет ете жүріп, ел руханиятын байытуға атсалысып жатырсыз.

Өркениет кемеліне жетелейтін өнер саласында әлі де қажымай еңбек етіп, тәуелсіз мемлекетіміздің мəдени өмірінің өрісін кеңейтуге зор үлес қосатыныңызға кәміл сенемін.

Алдағы уақытта да ізгі істеріңізбен халықтың, өнерсүйер қауымның қадір-құрметіне бөле беруіңізге тілектеспін.

Бүгін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуыңызбен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, əулетіңізге амандық пен бақ-береке тілеймін!»,-деп жазылған министрдің құттықтау хатында.